Бокс

Роб Бранттың бапкері: Головкиннің уақыты келді

Роб Бранттың бапкері: Головкиннің уақыты келді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBA тұжырымының чемпионы Риота Муратаны жеңгеннен соң Роб Бранттың бапкері Эдди Мустафа Мухаммед қазақстандық Геннадий Головкинге сес көрсетті, деп жазады Prosports.kz сайты.

WBA Regular чемпиондық белбеуінің жаңа иегерінің жаттықтырушысы шәкіртінің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретініне сенімді.

«Роб — панчер, оның Головкинмен жұдырықтасқанын көргім келеді. Брант тек қана ширақ қимылдап қоймай, кез келген қарсыласынан соққының астына алып, жеңуге қауқары жетеді. Ал Головкинге мұндай қарсылас кездескен жоқ. Роб кез келген боксшыны сұлатып түсіретініне сенемін. Оның үстіне Головкин уақыт өте келе әлсіреп жатыр. Сол себепті, Брант жағынан әдемі соққы жасаса, Головкин нокаутқа түсіеді. Головкиннің уақыты келді», — дейді Роб Бранттың бапкері.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер