Ауыр атлетика

Юрий Мельников: Биылғы әлемдік сында барлығын таң қалдырамыз

Юрий Мельников: Биылғы әлемдік сында барлығын таң қалдырамыз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Түркменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан лицензиялық әлем чемпионаты басталады.

2 қараша күні алғаш болып, 55 келіде Қазақстан намысын Арлей Чонтей қорғамақ. «А» тобында сынға түсетін спортшылар сайысы Астана уақытымен 20:55-те басталады.

- Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар толық анықталды. Енді біріншіліктің қалай өтетіні туралы толық ақпарат бар. Бір нәрсе ғана анық. Ештеңе оңай болмайды. А және В тобындағы қарсыластардың барлығы да тәжірибелі. Біз команданың алдында бір ғана міндет қойып отырмыз.

Мақсатымыз – үлкен спорттан алыстап қалған бір жыл ішінде көп нәрсе тындырғанымызды дәлелдеу. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық, жақсы нәтиже көрсетеміз деген үміттемін. Медаль саны туралы әзірге болжам жасағым келмейді. Барлық зілтеміршілердің жігері мұқалған жоқ. Осы әлемдік сында біз бәрін таң қалдырамыз,- дейді бас бапкер Юрий Мельников.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан намысын 20 спортшы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер