«Астана» қарағандылықтарға үш ұпай сыйлады

«Астана» қарағандылықтарға үш ұпай сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Премьер лигасы 23-ші турының кейінгі шегерілген матчы Қарағанды қаласында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Мерзімінен бұрын ел чемпионы атанған «Астана» командасын қабылдаған жергілікті «Шахтер» аса маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Бұлай деуіміздің себебі, ел біріншілігінің аяқталуына бар болғаны екі тур ғана қалды, ал қарағандылықтар төменгі лигаға түсіп қалмаудың қамында жүр.

Елордалықтар Қарағандыға тек жас футболшыларын апарды. Негізгі құрамнан бірде-бір ойыншы жоқ. Осыны ұтымды пайдаланған алаң иелері қонақтар қақпасына үш гол соқты. Ал астаналықтар бұған бір голмен ғана жауап қатты. Тағы бір айта кетерлігі, алаң иелері сапынан Оралхан Өміртай хет-трик орындады.

«Шахтер» — «Астана» - 3:1 (3:0)

Гол соққандар: Өміртаев (21, 26, 38) - Каримов (86)

«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ) (К) - Антон Чичулин, Евгений Ткачук, Руслан Алимбаев, Матео Мужек - Геворг Наджарян, Марат Шахметов, Лукаш Дроппа, Дамир Кояшевич, Эгон Вух - Оралхан Омиртаев.

«Астана»: Станислав Павлов (Қ), Әлім Ілиясов, Жантөре Жұмаділов, Самат Мажит, Дәурен Искаков, Жасұлан Қайыркенов, Сұлтан Сағнаев (К), Мәди Жақыпбаев, Лев Скворцов, Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер