Күрес

Перизат Жақыпбекова - белбеу күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегері

Перизат Жақыпбекова - белбеу күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Перизат Жақыпбекова белбеу күрестен өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Татарстанның Қазан қаласында өткен әлем бәсекесіне 42 елдің өкілдері қатысты. Отырар ауданының тумасы Жақыпбекова 76 келі салмақта белдесіп, өз мықтылығын танытып, «күміс» алды.

Жалпы чемпионат қорытындысы бойынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы 4-орын алған. Ал 15 алтын медальға қол жеткізген Ресей құрамасы бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан белбеу күресті алдағы кездері олимпиада ойындарына енгізу жоспарлануда.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер