Букмекерлік кеңселер «Шахтер»-«Астана» матчына ұтыс тігуден бас тартты

Букмекерлік кеңселер «Шахтер»-«Астана» матчына ұтыс тігуден бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ 23 турының кейінгі ауыстырылған «Астана» мен «Шахтер» кездесуіне букмекерлік кеңселер ұтыс тігуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Букмекерлік кеңселердің бұл матчқа ставка жасауды алып тастау себебі - «Астана» ФК-ының «Шахтерге» қарсы өтетін кездесуге жастар құрамын алып шығамыз деуі. Яғни, букмекерлік кеңселер аса ірі шығынға батпас үшін, алдын ала сақтануды ойлады.

Бұл жағдай отандық футболда орын алған бірінші жағдай емес. Екі жыл бұрын «Ақтөбе» - «Ордабасы» кездесуі де үлкен талқыға түсіп, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «келісілген» матч дей отырып, клуб өкілдерінің букмекерлік кеңселермен байланысын тексерген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер