Еркін күрес

Нұрислам Санаев жас балуандарға шеберлік сабағын өткізді

Нұрислам Санаев жас балуандарға шеберлік сабағын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінде жас балуандарға шеберлік сабақтарын өткізді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Нұрислам өзінің алыс жолдан келгеніне қарамастан ақтөбелік балуандармен өз шеберлігін бөлісуді жөн көрді. Осылайша, ең алғаш Ақтөбеде жаттығу жұмыстарын бастаған спорт мектебіне барды. Ондағы мақсаты спортшылардың шеберлігін шыңдай түсіп, күрестің айла-тәсілдерімен бөлісу еді.

Сондай-ақ, Нұрислам жаттығу жұмыстары кезінде спортшының көп оқуы керектігін атап өтті.

- Кітап көп оқып, білімді де қатар алып жүрген спортшы көптеген белестерге жетеді. Себебі, ақыл, ой-сана, спортпен бірге,- дейді Нұрислам Санаев.

Сонымен қатар, спорттық шараның соңында жас балуандар Әлем чемпионатының күміс жүлдегерінен қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер