русский язык
Футзал

«Тұлпар» «Ұшқын-Искраны» тас-талқан етті

«Тұлпар» «Ұшқын-Искраны» тас-талқан етті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 7-ші тур аясындағы «Тұлпар»-«Ұшқын-Искра» қарымта матчы 10:0 есебімен аяқталды. 

Бұның алдында Әміржан Мұқановтың командасы бірінші кездесуде - 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да ел қарағандылықтар астаналық команданың қақпасына он жауапсыз гол соқты. «Кеншілер» сапында Пенгрин мен Сидней дубль жасаса, Алекс, Мун, Таку, Довгань, Черномордов пен Мадияров бір-бір голдан соқты.

Футзалдан ел чемпионаты. 7-ші тур.

«Тұлпар»-«Ұшқын-Искра» -10:0 (5:0)

Голдар: Алекс 5, Мун 11, Таку 14, Першин 18, 19, Довгань 22, Сидней 29, 32, Черномордов 34, Мадияров 40

«Тұлпар»: Жеронимо, Перемышлин, Гребонос, Мун, Дуглас, Алекс, Шорин, Довгань, Таку, Першин, Сидней, Кнауб, Алин, Мадияров

«Ұшқын-Искра»: Барабанов, Ковган, Кұдайбергенов, Әльжақсын, Шынықұлов, Хасанов, Богомолов, Ерохнович, Оразов, Ералы, Қуанышбаев, Батов

Төрешілер: Аббасов (Алматы), Стрелков (Тараз)

Ескерту алғандар: Сидней 8, Шорин 20

12-ші қаңтар. Қарағанды. «Тұлпар» спорт кешені. 400 жанкүйер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;