Бокс

WBC президенті Головкиннен теріс айналды ма

news-banner7
mobile-news-top

Әлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сүлейман өзінің Twitter парақшасына Сауль Альварестің бас киімімен түскен видеосын жүктеп қойды. Желі оқырмандары басшының әрекетін Головкинге деген сатқындық деп түсінуде. Бұл туралы Nur.kz жазды.

«Бүгінгі серуенге «Канелоның» кепкасын киіп шықтым» , - деген жазба қалдырған президент видеоның астына.

Айта кетейік, бұған дейін Маурисио Сүлейман осыған ұқсас видео жүктеген. Алайда, ол бейнежазбада басшы Геннадий Головкиннің аты жазылған бас киімді киіп тұрыпты.

Желі оқырмандары WBC президенті GGG-дің ұтылысынан кейін одан теріс айналды деп жазуда.

Қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен кездесуде Сауль Альварес Головкинді төрешілер шешімімен жеңіп кеткен болатын.

Жекпе-жек арты дауға ұласып, көпшілік GGG-ге әділетсіздік жасалынды деген ойда болды. Екі спортшының былтырғы жұдырықтасуындағы тең нәтиже де жұрт тарапынан сынға іліккен.

«Канело» өзінің келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында Рокки Филдингке қарсы өткізбек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер