Велоспорт

«Астана»: 2018 жеңістен көз ашпаған жыл

«Астана»: 2018 жеңістен көз ашпаған жыл
news-banner7
mobile-news-top

Өткен жексенбіде Әлемдік Тур санатына жататын «Астана» велокомандасы 2018 жылғы маусымды ресми түрде аяқтады. Ең соңғы жарыс Қытайда өткен «Гуанси туры» болды. Онда «Астана» командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сергей Чернецкий басты есепте 3-орын алса, «Астана» жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді.

Жалпы алғанда 2018 жыл «Астана» велокомандасы үшін өте жемісті болды. Бір жыл ішінде «Астана» шабандоздары 33 жеңіске қол жеткізіп, 62 мәрте жүлделі орындардан көрінді.

- Биылғы жылды аяқтай отырып, біз көрсеткен нәтижемізбен мақтана аламыз. Команда жоғары деңгейде біршама жетістікке қол жеткізді. 95 жүлделі орынның 33-і таза жеңіс. Бұл дегеніміз ғаламат көрсеткіш. Соңғы екі жыл ішінде «Астана» командасының бет-бейнесі де, мінез-құллқы да өзгерді. Команда біршама жасарып қалды. Ұжымымыз біркүндік және бірнеше күндік классикалық жарыстардың барлығында жүлде салды. Ал қазақстандық шабандоздар Алексей Луценко, Евгений Гидич, Никита Стальновтар үлкен прогресс жасады. Біз сонымен қатар Гранд-турлардағы жоғары орындарға қайта көтерілдік. Дегенмен, өткізген жылдағы жетістіктерді айтып көп мақтанбай, келер жылға дайындықты бастап кетуіміз керек. Осы алған бетімізден таймауымыз қажет, - деді бас менеджер Александр Винокуров.

30 жеңіске шабандоздар «Астана» командасымен жүріп жетсе, Алексей Луценко Қазақстан құрамасының аясында Азия Ойындарында чемпион атанды. Тағы бір жеңіс Италия құрамасының өкілі Морено Мозерде (біркүндік жарыс «Трофео Лайгуэлья»). 33 жеңістің 10-ы Әлемдік Тур санатына жататын жарыстарда тіркелді.

Жеңістердің ішінде ең жарқын болғаны «Тур де Франстағы» (Омар Фрайле 14-кезең, Магнус Корт 15-кезең) екі кезеңді қатар алғанымыз. «Оман туры» жарысының басты есебін Алексей Луценко жеңді. Сонымен қатар, «Критериум дю Дофине» (Пельо Бильбао), «Романдия туры» (Якоб Фульсанг пен Омар Фраиле), «Баск елдері туры» (Омар Фраиле), «Бинк Банк Туры» (Магнус Корт) және «Түркия Туры Президенттік жарысы)» (Алексей Луценко). Сондай-ақ Михаэля Вальгреннің «Омлууп Хет Ньюзблад» пен «Амстел Голд Рэйс» классикалық жарыстарындағы жеңістерін де ерекшелеп айтуға болады.

Жеңістерден бөлек 2018 жылы «Астана» көптеген жүлделерге де иелік етті. Мысалы, Мигель Анхель Лопестің «Джиро д’Италия» (3-орын) мен «Вуэльта Испания» (3-орын) сайысындағы жүлделері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. 2017 жылдағы қиындықтардан кейін «Астана» супер көпкүндіктердегі көшбасшылық қасиетіне қайта оралды.

Гранд-турлардан бөлек «Астана» шабандоздары ірі классикалық жарыстардың басты есебінде жүлдеге ілінді. Мысалы: «Вуэльта Валенсия» (2-ші және 3-ші орындарды Луис Леон Санчес пен Якоб Фульсанг иемденді), «Дубай Туры» (2-орын, Магнус Корт), «Әбу-Даби Туры» (3-орын, Мигель Анхель Лопес), «Хорватия Туры» (3-орын, Евгений Гидич), «Швейцария туры» (2-орын Якоб Фульсанг), «Түркияның Президенттік Туры» (2-орын, Алексей Луценко), «Гуанси Туры» (3-орын, Сергей Чернецкий) және осындай көптеген жарыстар.

Сонымен бірге, «Астана» шабандоздары атақты біркүндік жарыстарда да жүлделі болды. Олардың ішінде «Бретания классикасы» (2-орын, Михаэль Вальгрен) және «Милан – Турин» (2-орын, Мигель Анхель Лопес). Жыл басынан бергі жарыстардың барлығында дерлік «Астана» шабандоздары жеңімпаздар тұғырынан түспеді. «Даун Андер Туры» жарысындағы 3-орыннан бастап «Гуанси Турындағы» 3-орынмен аяқтады.

«Астана» үшін маусым өте сәтті өтті. Оның бір айғағы команданың жыл соңында Әлемдік тур санатындағы рейтингте 6-орыннан көрінгені (7859 ұпай). Бұл «Астананың» тарихындағы үшінші керемет нәтиже.

Көптеген жетістіктермен қатар, биыл 2018 жылдың нәтижесі бойынша Азия құрлығындағы рейтингте 1-орынды Алексей Луценко иемденгенін айта кетейік. Ол биыл 6 бірдей ірі жеңіске қол жеткізді («Оман Туры», Қазақстан біріншілігіндегі топтық кезеңде 1-орын, «Аустрия Туры» жарысының 6-кезеңіндегі 1-орын, Азия Ойындарындағы жекелей жэәне топтық сындағы 1-орындар және «Түркия Президенттік Туры» жарысының 4-кезеңіндегі 1-орын). «Астана» командасының шабандоздарының арқасында Қазақстан құрамасы UCI Asia Tour рейтингісінде де бірінші орыннан көрінді.

Түпнұсқасы: astanaproteam.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер