Күрес

Эшимова жарысты бесінші орынмен аяқтады

Эшимова жарысты бесінші орынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қыздар күресінен жарыс аяқталадыдеп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Күрес федерациясына сілтеме жасап.

53 келі салмақта ел намысын қорғаған Жұлдыз Эшимова әлем чемпионатын бесінші орынмен қорытындылады. Өкінішке қарай, Жұлдыз қола медаль үшін болған белдесуде канадалық Диана Вайкерден жеңіліп қалды - 2:3

Айта кетейік, Жұлдыз кеше жарыстың 1/8 финалында американдық Сара Хильдебрандтан ұтылып қалған еді. Ал бүгін жұбаныш белдесуде әзірбайжандық Анжела Дороганнан 5:3 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының балуандары еркін күрестен бір күміс медаль жеңіп алған-ды. Оны қоржынымызға 57 келі салмақта күрескен Нұрислам Санаев салды.

Әйелдер күресі

53 кг

Финал

Аруна Окуно (Жапония) - Сара Хильдебранд (АҚШ) - 11:0

Қола медаль үшін
Кианю Панг (Қытай) - Катаржина Кравчик (Польша) - 2:1
Жұлдыз Эшимова (Қазақстан) - Диана Вайкер (Канада) - 2:3

Түпнұсқасы: wrestling.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер