«Құпия» ақпарат

Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубы ресейлік «Уфа» командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің келісімшартын сатып алуы мүмкін.

Бұл туралы отандық БАҚ өкілдері жазды. Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын «Қайрат» командасы қатарынан көргісі келеді.

«Уфаның» тізгінінен Сергей Семак кеткелі қазақстандық жас шабуылшының алаңға шығуы азайды. Оның үстіне «Еркошты» жарақат мазалап бітті.

Қазіргі таңда «Уфаның» басшылығы Қазақстан құрамасының шабуылшысын жіберуге дайын.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Сейдахметке «Астана» мен «Қайрат» командалары көз тігіп отырғанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер