Әлем футболы

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтті

news-banner7
mobile-news-top

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында кезекті матчтар өтті, жеп жазады prosports.kz.

«Барселона» өз алаңында «Интерді» қабылдады. Алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармаған қос команда бүгін топ көшбасшылығына таласқан. Нәтижесінде испаниялық клубтың жолы болды. Есеп - 2:0.

«Барселона» - «Интер» - 2:0

Гол соққандар: 1:0 - 32"Рафинья, 2:0 - 83"Альба

Әлемдегі үздік шабуылшылар жиналған С тобында керемет ойындар өтті. ПСЖ өз алаңында «Наполиді» жеңе алмады.

ПСЖ – «Наполи» - 2:2

Гол соққандар: 0:1 - 29 Инсинье, 1:1 - 61 Руй (автогол), 1:2 - 77 Мертенс, 2:2 - 93 Ди Мария.

Ал «Ливерпуль» қонаққа келген «Црвена Звезда» командасын аяған жоқ.

«Ливерпуль» – «Црвена Звезда» - 4:0

Гол соққандар: 1:0 – 20' Фирмино, 2:0 – 45' Салах, 3:0 – 50' Салах (пенальти), 4:0 – 80' Мане.

Тағы бір тартысты ойын Германияның Дортмунд қаласында өтті. Бір қызығы алаң иелері Испанияның азулы командасы «Атлетиконы» тас-талқан етіп ұтты.

«Боруссия Д» - «Атлетико» - 4:0

Гол соққандар: 38' Витцель (Хакими), 73' Геррейру (Хакими), 83' Санчо (Хакими), 90' Геррейру

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер