Велоспорт

Алексей Луценко Азияның үздік велошабандозы атанды

Алексей Луценко Азияның үздік велошабандозы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасының қазақстандық шабандозы Алексей Луценко Азия велосипедшілерінің халықаралық одағы (UCI Asia) жариялаған жаңа рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Луценко 655 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы ұзап кетті. Екінші орындағы Бенджамин Дибэлл 517 ұпай, үшінші орындағы Артем Овечкин 484 ұпай еншіледі.

Сәйкесінше, құрамалар рейтингісінде де Қазақстан бірінші орында тұр. Ұпай саны -1611,25. Бұл қатарда Жапония екінші (1581,73), Гонконг үшінші (945,02) сатыдан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер