русский язык
Велоспорт

Astana Pro Team – 2014 маусымашар тұсаукесері

Astana Pro Team – 2014 маусымашар тұсаукесері

Астана 2014 жылдың маусымын италияның Брешиясында өткен тұсаукесер рәсімінен бастады.

Astana Pro Team 8 қаңтар, сәрсенбі күні  2014 жылы жарыс жолына шығатын шабандоздар құрамын таныстырып, алдағы маусымдағы негізгі мақсаттарын жария етті. Салтанатты кешке келген құрметті қонақтар қатарында демеушілер, шабандоздардың отбасы мүшелері және ақпарат құралдары болды.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған тұсаукесер кешін қорытындылаған команданың бас менеджері Александр Винокуров  2014 жылы команданың алдына қойған басты мақсаты Тур де Франс көпкүндігінде жеңіске жету екендігін айтты.

«Өткен жылы барлығымыз ат салысып Джиро д Италияда жеңіске жеттік. Діттегенге жету оңай болған жоқ. Бірақ алдымыздан шыққан қиындықтарға мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Брешия қаласынының төрінде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдік. Сондықтан маусымды Брешияда бастау біз үшін үлкен құрмет. Ал алдағы маусымда Тур де Франста мықты атануға барымызды саламыз», - деді Винокуров.

Өткен жылы Брешияда өткен Джироның соғы кезеңіне иығына қызыл күлгін жейдені киіп жеткен Astana Pro Team капитаны Винченцо Нибали  Тур де Франс қазақстандық велоұжымның алдына үлкен мақсаттар қойып отырғанын айтты.

«Шілде айында  өтетін Тур де Франс – команданың басты мақсаты, сондықтан біздің барлық жоспарымыз осы мақсатқа жетуді көздейтін жарыстардан тұрады. Лидседе басталатын мәртебелі көпкүндікке өз бабымызда келеміз деген сенімдеміз. Бірнеше күннен кейін ұзаққа созылатын маусымның беташары Аргентина мен Австралияға аттанамыз. Сондай ақ біздің команда  Милан-Санремо, Льеж-Бастонь-Льеж, Париж-Ницца, Тиррено-Адриатикода жеңіске таласады, ал  Джиро Италияда жеңімпаз жейдесін қорғауға барымызды салатын боламыз. Діттегенге жету оңай болмасы анық. Команданың барлық мүшелері аянып қалмасынада сенімдімін», – деді Нибали.

Astana Pro Team капитаны Нибали бастаған команда шабандоздарымен қатар команданың жаңа мүшелері  Микель Ланда (Испания), Льюв Вестра (Нидерланды), Валентин Иглинский (Қазақстан) мен Микеле Скарпони (Италия) сынды шабандоздардың команда сапына қосылғандығы ресми жария етілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;