Дзюдо

Дидар Хамзаға аға буын балуандар автокөлік сыйлады

Дидар Хамзаға аға буын балуандар автокөлік сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамзаға Оңтүстіктен шыққан аға буын спортшылар автокөлік сыйлады, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы Facebook-дегі QAZARENA парақшасында жазылды.

Азия ойындарының жеңімпазына бұл сыйлық Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаянда өткен республикалық турнир аясында сыйланды.

Оңтүстік өңірден шыққан Д.Мүсіралиев, Д.Пірімқұлов, М.Қыпшақбаев, М.Мықтыбеков, Ф.Ибрагимов, А.Амалбаев сынды даңқты балуандар өздерінің ізбасарына осындай сыйлық жасап қуантты.

Естеріңізде болса, биыл Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен Жазғы Азия ойындарында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошы Дидар Хамза финалда ирандық Саид Моллаиды жеңіп, чемпион атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер