Дзюдо

Жастар құрамасы дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Жастар құрамасы дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер болды
news-banner7
mobile-news-top

Нассауда өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар кіші финалда Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтқан. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразиялия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрама сапында Арслан Есенгел, Нарбаев Бауыржан, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағтбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Камила Берліқаш күресті.

Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багам аралдары) дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтті.

Дүбірлі сынға әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті.

Осыған дейін 73 келіне дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бағытбергенов қола жүлдегер атанса, бүгін аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер