русский язык

Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді

Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді

Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары арасында үздік үштікке енді.

Аталған рейтингтің үздік ондығына Қазақстанның әр салмақ дәрежелерінде тағы 7 спортшысы кірген.

55 килограмм салмақ дәрежесіндегі палуандардың ішінде Нұрсұлтан Қалмұрзаев Бакуде өткен Голден гран-при турнирінің ақтық сынында үздік атанып, нәтижесінде ФИЛА-ның жасаған рейтингісінде 9-орынға көтерілді. 60 кг салмақта Алмат Кебіспаев үздік бестікті түйіндеп тұр. Азия біріншілігінде қола медаль қанжығаға байлаған Ерулан Ысқақов 96 кг салмақ тартатын палуандар арасында үздік ондыққа енген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;