Велоспорт

Сергей Чернецкий: Қытайда өткен тамаша бір апта болды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы 2018 жылғы маусымды сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Гуанси туры» көпкүндігінің жалпы есебі бойынша Сергей Чернецкий жүлделі 3-орынға ие болды. Ал «Астана» командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

«Гуанси турының» қорытынды классификациясы бойынша италиялық Джанни Москон жеңімпаз атанды. «Астананың» тағы бір өкілі Луис Леон Санчес жалпы есепте 8-орынды иеленді.

Соңғы шешуші 6-кезең Гуйлинь көшелерінде өз мәресіне жетіп, голландиялық Фабио Якобсен жеңіске жетті.

- «Гуанси Туры» мен жалпы маусым бойы сенім артып, қолдау көрсеткен командаға алғысымды білдіремін. Әлемдік Турдың жеңіс тұғырынан көріну қандай тамаша! Мен бұл жетістігіммен мақтанамын! Шешуші 4-кезеңнен кейін біз жалпы есепте бұдан да жоғарғы орынға көтерілуге тырыстық. Бірақ 3-орын да жаман нәтиже емес. Жарыс жаңбырдың кесірінен қиынға соқты. Себебі әр кезеңде толассыз жаңбыр жауды. Бірақ бүкіл команда кезең басталғаннан финишке дейін жігерленіп, өз-өзін таныта білді. Біз финалда қиынға соққан әрі ұзақ маусымнан кейін лайықты дәрежеде өнер көрсеттік деп ойлаймын. Бүкіл командаға тағы да рахметімді айтамын. Қытайда өткен тамаша бір апта болды, - деді Сергей Чернецкий.

Түпнұсқасы: astanaproteam.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер