Велоспорт

«Астана» велокомандасының менеджері: Біз командамызбен мақтана аламыз

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы 2018 жылғы маусымды сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Гуанси туры» көпкүндігінің жалпы есебі бойынша Сергей Чернецкий жүлделі 3-орынға ие болды. Ал «Астана» командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

«Гуанси турының» қорытынды классификациясы бойынша италиялық Джанни Москон жеңімпаз атанды. «Астананың» тағы бір өкілі Луис Леон Санчес жалпы есепте 8-орынды иеленді.

Соңғы шешуші 6-кезең Гуйлинь көшелерінде өз мәресіне жетіп, голландиялық Фабио Якобсен жеңіске жетті.

- Бір күн бұрын айтып өткендей, біз командамызбен мақтана аламыз. Бүгін де, өткен күндері де жігіттер өте мұқият болып, жинақылық танытты. Жарыс бойы тек алдыңғы шепте болды. Командалық есепте жеңіске жеттік. Екі шабандоз Топ-10-дық қатарынан табылып, олардың бірі жүлделі орынға ие болды. Бұл өте жақсы нәтиже. Маусымды осындай жоғарғы көрсеткіштермен аяқтау қандай тамаша! Сонымен қатар Әлемдік Турдың командалық рейтингі бойынша «Астана» 6-орынды иеленді. Барлық шабандоздар мен команда қызметкерлері маусымды керемет өткізді. Енді 2019-жылға дайындықты бастаймыз. Келер жылды биылғыдан да жақсы өткізуге тырысамыз, - деді спорттық менеджер Дмитрий Фофонов.

Түпнұсқасы: astanaproteam.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер