Велоспорт

2018 жылғы маусымдағы соңғы велошеру өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошерудің жабылу маусымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының ақпараттық және спорттық ХАБ-ынан мәлім еткендей, нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған велошеруге 1 мыңға жуық адам қатысты. Дәстүр бойынша велошеру «Нұрлы Тау» бизнес орталығының аумағынан басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталды. Мәрені кесіп өткен барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен 10 велосипед ойнатылды. Екі дөңгелекті темір тұлпардың жеңімпаздарының бірі - биыл велошерулердің ешбірін жібермеген, тұрақты қатысушы Инна Байдадорова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер