Еркін күрес

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде балуандарымыз медаль алмады

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде балуандарымыз медаль алмады
news-banner7
mobile-news-top

Будапеште (Венгрия) күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бүгін еркін күрестен өткен жарыста қазақстандық төрт балуан кілемге шықты. 61 келіде Қуат Әміртаев іріктеу кезеңінде жеңіліс тапса, 74 келідегі Болат Сақаев ширек финалға жетіп сүрінді. 1/16 кезінде молдовалықты 9:3 есебімен сан соқтырып, 1/8-де қытай балуанын 4:0 есебімен жеңіп кетті. Ширек финалда италиялық отандасымыздан 6:1 есебімен басым түсті. 86 келідегі Әділет Давлумбаев іріктеу кезеңінде жеңіліс тапты. Ал нағыз алыптар күресeтін 125 келіде Ермұхамед Іңкәр молодовалықтан ширек финалда 9:1 есебімен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер