Еркін күрес

Әлем чемпионаты. Екі балуанымыз келесі кезеңге өтті

news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін еркін күрес шеберлері белдесті.

125 келіде Ермұхамбет Іңкәр алғашқы белдесуінде молдовалық балуанды 9:1 есебімен ұтты. Ширек финалда үнді балуан Сумитпен кездеседі.

74 келіде белдескен Болат Сақаев алғашқы белдесуде молдовалық Недеалконы ұтты, ал 1/8 финалда қытайлық Абдунасиерді тізе бүктіріп, ширек финалға шықты. Енді азулы Франк Чамизомен шығады.

Өкінішке орай, 61 келіде Қуат Әміртаев алғашқы белдесуінде украиналық балуаннан ұтылды. Айта кетер жайт, Қуат кездесу барысында жарақат алып қалды.

86 келіде Әділет Дауланбаев алғашқы белдесуінде Беларусь Республикасының балуанынан ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер