Бокс

Сауль Альварес: Головкинді алдыңғы жекпе-жектегіден де оңай сабаймын

Сауль Альварес: Головкинді алдыңғы жекпе-жектегіден де оңай сабаймын
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасуға дайын екенін тағы да айтты.

Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: алғашқы жекпе-жек тең аяқталды, ал қарымтада Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген. Өйткені екі рет те төрешілер шешімі дау тудырған еді.

«Ададмдар үшінші жекпе-жекті қаласа, рақаттана ұйымдастырамын. Мен үшін бұл қиындық тудырмайды. Бірақ қазіргі таңда 15 желтоқсанға көздеген мақсатым бар, соған жетуім тиіс. Үшінші жекпе-жек (Головкинмен) - қиын мәселе емес. Алдыңғы жекпе-жектегіден де оңай сабаймын», - дейді Альварес.

Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер