Басқа

Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады

Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемге әйгілі Forbes журналы жүргізген зерттеу бойынша ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімі жасалды.

Жүз спортшының ішінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 72-ші орынға жайғасты. GGG соңғы он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге; айына — 758,3 миллион теңге) табыс тапқан.

Ал Сауль Альварестің бір жылдық табысы 44,5 млн долларды құраған. Ол тізімнің 15-ші орнына жайғасты.

Тізімді кіші Флойд Мэйвезер бастап тұр. Оның табысы — 285 миллион доллар.

Екінші орынға — Лионель Месси 111 млн доллармен жайғасса, Криштиану Роналду 108 млн доллармен үшінші орынды қанағат тұтқан.

Толық тізімді мына жерден көре аласыздар: forbes.com/athletes

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер