Юрий Логвиненко мен Сергей Малый оқушыларға дәріс берді

Юрий Логвиненко мен Сергей Малый оқушыларға дәріс берді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары Юрий Логвиненко мен Сергей Малый және елорда футбол орталығының жаттықтырушысы Ербол Мұсабаев №58 мектептің 3-5 сынып оқушыларына шеберлік сабағын өткізді. Бұл туралы "Астана" футбол клубының ресми сайтында хабарланды.

Жалпы іс-шара өте қызықты өтіп, №58 мектеп оқушылары өздерінің сүйікті футболшыларымен ашық тілдесіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жаттығу жұмыстары соңында Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары өз қолтаңбаларын қалдырып, оқушыларға 20 қазан күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Ордабасы» арасындағы ойынға билеттер табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер