русский язык
Велоспорт

Нибали «Джиро д'Италияға» қатыспайтын болды

Нибали «Джиро д'Италияға» қатыспайтын болды

«Астана» клубының велошабандозы Винченцо Нибали биыл «Джиро д'Италия» көпкүндігіне қатыспайтын болды.

 Бұл туралы «Астана» клубының менеджері Александр Винокуров мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, команданың басты мақсаты - «Тур де Франс» болмақ.

«Біз «Тур де Франстың» сары жейдесін жеңіп алғымыз келеді. Дегенмен «Джиро» турнирінде де біздің команда сапы мықты болады. Онда Микеле Скарпони мен Фабио Ару барады. Соңғысы ең үздік жас шабандозға берілетін ақ жейдені ұтып алады деген үміттеміз», - деп атап өтті Винокуров.

 Еске сала кетсек, 2013 жылы Нибали «Джиро д'Италия» мен «Тиррено - Адриатико» көпкүндіктерін жеңіп алған болатын. Сонымен қатар 2010 жылы Испанияда «Вуэльта» көпкүндігінде жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;