русский язык
Футбол

Футболдан 2022 жылы Әлем чемпионаты жазда емес, қыста өтуі ықтимал

Футболдан 2022 жылы Әлем чемпионаты жазда емес, қыста өтуі ықтимал

Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың 15 қараша мен 15 қаңтар аралығында өтуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) Бас хатшысы Жером Вальке мәлім етті.

Катардағы Әлем чемпионатының өтетін уақыты өзгеруі мүмкін деген ақпаратты бұдан бұрын көптеген футбол қайраткерлері айтқан болатын. Соның ішінде ФИФА президенті Йозеф Блаттер да бар. Біріншіліктің мерзімін шегеру жөніндегі әңгімеге негізінен жазғы мерзімдердегі Катар елінде болатын аптап ыстық себепкер болып отыр. Мұнда жаз айларында Целсий бойынша плюс 50 градусқа дейін ысиды.

«Катарда футбол ойнауға нағыз сай келетін мерзім - 15 қарашадан қаңтар айының соңына дейінгі аралық», - дейді Жером Вальке.

Турнирдің уақытына қатысты соңғы шешім 2014 жылдың желтоқсан айында атқарушы комитеттің отырысында қабылданбақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;