Сарыарқа ХК қатарынан төртінші рет жеңіске жетті
![Сарыарқа ХК қатарынан төртінші рет жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1389249290_737618194.jpg?v=28704750)
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз мұз айдынында Кондопогидің «ВМФ-Карелия» командасын ұтты.
Бірінші периодта Голубцов кеншілерді алға шығарды. Артынша, екінші кезеңде Самарин есепті ұлғайтты – 2:0. Есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Осылайша, «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасында қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп отыр.
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «ВМФ-Карелия» (Кондопога) (1:0, 1:0, )
1:0 – Голубцов (Макмиллан) – 15:34
2:0 – Самарин (Лучкин, Лебедев) – 36:42
Қақпашылар: Ковач – Шикин