Әлем футболы

«Барселонаның» көшбасшылары Неймардың оралуына қарсы емес

«Барселонаның» көшбасшылары Неймардың оралуына қарсы емес
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» клубының президенті Жозеп Бартомеу футболшылармен Неймардың командаға оралуы туралы сөйлескен.

Клуб президенті Неймардың оралуына қатысты команда көшбасшыларының пікірін тыңдаған.

El Mundo Deportivo ақпаратына сәйкес, командада Неймардың келуіне ешкім қарсылық білдірмеген. Оның үстіне команданың көшбасшы ойыншылары бразилиялық футболшымен жақсы қарым-қатынаста.

Айта кетейік, Неймардың келісімшартқа сәйкес ПСЖ клубынан 2020 жылдың жазында 200 миллион еуроға кетуіне құқығы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер