Ахматджан Кошалиев: Еркебұланға «Уфадан» кетпе деп кеңес бердім

Ахматджан Кошалиев: Еркебұланға «Уфадан» кетпе деп кеңес бердім
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Уфа» клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің алғашқы жаттықтырушысы Ахматджан Кошалиев шәкіртіне ешқайда ауыспауға кеңес берді.

«Еркебұлан ешқайда ауыспайды. Онымен жиі хабарласып тұрамыз.

Бірнеше күн бұрын Еркош хабарласып, болашағына қатысты кеңес сұрады. Мен оған «Уфадан» ешқайда кетпе деп ақыл айттым. Еркебұланның ұзақ мерзімді келісімшарты бар. Оның әлі-ақ өзін көрсетуге мүмкіндігі болады.

Тағы бір айтарым, Еркебұлан «Зениттің» бас бапкері Сергей Семакпен байланысқан. Оның да ойы менікімен бір жерден шыққан.

Еркебұлан кез келген уақытта елге оралып, «Қайрат» пен «Астананың» деңгейіндегі командаларда ойнап кете алады. Алайда дәл қазір оған «Уфада» қалып, ойынын жақсартып, жаттығуларда барынша тырысу қажет.

Өкінішке қарай, уфалық команданың қазіргі бапкері Сергей Томаров Еркошқа сенбейді. Оған себеп Еркебұланның өткен жылы алған ауыр жарақаты. Бірақ бұған қарамастан, Еркебұлан негізгі құрамға ілінетініне сенімдімін», - деді Еркебұлан Сейдахметтің алғашқы бапкері Prosports.kz тілшісіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер