Бокс

Пакьяоның келесі жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні анықталды

Пакьяоның келесі жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегінің қашан және кіммен өтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Филиппиндік боксшының қарсыласы төрт салмақ дәрежесіндегі чемпиондық титулдардың бұрынғы иегері Эдриен Бронер болмақ. Жекпе-жек 12-ші не 19-шы қаңтар күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

Айта кетейік, 39 жастағы даңқты боксшы соңғы жекпе-жегін ағымдағы жылдың шілде айында өткізген болатын. Ол кезде Мэнни Пакьяо қарсыласы Лукас Маттиссені нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта WBA Regular чемпиондық белбеуін иемденді. Ал Эдриен Бронер сәуір айында Джесси Варгаспен тең тарқасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер