русский язык

Азамат - ақталды!

Азамат - ақталды!

Лондондық сот сексуалды дәмешілдік үшін айыпталған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаевты ақтады.

Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Арман Шылманов қуана мәлімдеді:

«Азамат төрешілердің шешімімен ақталды, жуырда Қазақстанға оралады».

Жаттықтырушының айтуынша, 9 қаңтар күні кезекті сот отырысы болу керек-тұғын. Алайда төрешілер өз шешімін бүгін, 8 қаңтар күні қабылдап, спортшыны кінәлі емес деп таныды.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;