«Құпия» ақпарат
Басқа

Елена Хрусталёва остеопороз дертіне қарсы

Елена Хрусталёва остеопороз дертіне қарсы
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен 1997 жылдан бастап 20 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаңында остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығы, Danone компаниясы және танымал қазақстандық биатлоннан Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталёваның қатысуымен отырыс өтті.

Басқосу барысында спикерлер остеопороз дертінің соңғы уақытта өршіп бара жатқанынан, оның ішінде спортшылардың арасында көп кездесетінін тілге тиек етті. Остеопороз - бұл адам сүйегі тығыздығының төмендеуімен сипатталатын ауру, ал оның нәтижесі аяқ-қол мен омыртқа сүйектерінің жиі сынуына апарады.

- Біз спортшылар дұрыс тамақтану мен физикалық еңбектің үйлесімі қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз, өйткені тек жаттығуларға ғана емес, сонымен қатар, біз рационға да айрықша назар аударамыз. Қышқыл сүт өнімдеріндегі кальций физикалық жаттығулармен бірге тамаша нәтиже береді. Мен, мысалы, йогурт, айран, сүзбені тұтынамын, себебі бұл пайдалы, ал Danone-ға келсек, ол бұған қоса өте дәмді", - биатлоннан Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталёва.

Сондай-ақ, осы дертпен күресуге Danone Berkut компаниясының қосып жүргенін үлесі көп.

Danone компаниясы - сүт өнімдерін өндіру және өңдеу саласындағы әлемдік сарапшы, оның ішінде балаларға арналған және адам баласының күнделікті тұтынуына қажетті өмірлік маңызды микроэлементтер мен заттарды рационға алып келеді. Остеопороз проблемасының өзектілігін сезіне отырып, Danone үнемі жаңа, кальцийге бай өнімдерді әзірлейді және пайдалы әрі дәмді, сондай-ақ, қауіпсіз өнімді ұсынуға тырысады. Біз балансталған, сапалы және пайдалы тамақтанудың остеопороздың алдын алуда мықты негіз бола алатын "күніне үш қышқыл сүт өнімдері" принципін қолдаймыз, - деді Danone Berkut корпоративтік қатынастар бойынша директоры Дінмұхамед Айсаутов.

Дұрыс тамақтану ғана остеопороздың алдын алу бағдарламасына енбейтіні анық, яғни, физикалық белсенділік, дұрыс есептелген жүктемемен спортпен айналысу өте маңызды. Өйткені спортпен айналысу ағзаға түсетін барлық қоректік заттарды барынша сіңіруге мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер