Велоспорт

Вадим Горбачевский: Жігіттер үмітті ақтады

Вадим Горбачевский: Жігіттер үмітті ақтады
news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан Қазақстан ерлер командасы жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды. Глеб Брусенский мен Евгений Федоров қарсыластарынан қара үзіп, көш тізгінін ешкімге бермеген еді. Спортшылардың бапкері Вадим Горбачевский Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, алтынға барар жолдың оңай болмағанын айтты.

«Олимпиадаға дайындықты өткен жылы бастап кеттік. Ал іріктеу кезінде жасөспірімдер командасының көмегі тиді. Әлемдік рейтингте екінші орынға көтеріліп, Олимпиадаға жолдама алдық. Бұл біздің жарысты алдыңғы қатардан бастауымызға мүмкіндік берді. Әсіресе, маунтинбайкте септігі мол болды», - дейді бапкер.

Вадим Горбачевский Олимпиадаға толыққанды дайындалу үшін спортшылардың Азия чемпионатынан тыс қалғанын да мәлімдеді.

«Құрлық додасынан бас тартуға тура келді. Әрине, ол жақта да жеңетінімізге күмән жоқ. Алайда, жарақаттан аман болу үшін Азия біріншілігіне екі спортшыны жібермедік. Маунтинбайктің жарыс бағдарламасына енетінін білген соң, Испанияда қарқынды түрде жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Кейін тас жолдағы жарыстан әлем кубогіне қатысқанымыз бар. Шілдеде қайтадан маунтинбайкті қолға алдық. Сол жаттығу жиындарының кешегі кросс-кантриде көмегі тиді. Жігіттер жарап тұр! Өзім де үшінші орыннан үміттеніп келгем. Алайда,олар мен ойлағаннан да асып түсті», - деп ағынан жарылды Горбачевский.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер