Велоспорт

Велоспорттан Қазақстан командасы алтын медаль алды

Велоспорттан Қазақстан командасы алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте 6 қазан жалауын желбіреткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында құрама қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл жолы ел мерейін үстем еткен велоспорттан Қазақстан ерлер командасы болды. Велошабандоздар Глеб Брусенский мен Евгений Федоров бес кезеңге созылған кешенді жарыста көш тізгінін ешкімге берген жоқ.

Бүгін маунтинбайктен өткен критериум жарысында Глеб Брусенский екінші орын иеленіп, команда қоржынына 80 ұпай салды.

Евгений Федоров та ұпайсыз қалған жоқ. Ол алтыншы орыннан көрініп, 30 ұпайға қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан командасы жалпы есепте 418 ұпай жинап, алтын медаль иегері атанды. Күміс жүлдегер атанған Люксембург құрамасында 276, қола жүлде иеленген Ұлыбританияда 253 ұпай бар.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы III Жазғы Олимпиада ойындары 18 қазанда мәресіне жетеді. Ірі спорттық шараға 206 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 57 спортшы қорғауда.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер