Футзал

Қазақстан ұлттық құрамасының екі ойыншысы «Оқжетпеске» ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Михаил Першин мен Павел Таку «Оқжетпес» футзал клубының жейдесін киді, деп жазады prosports.kz.

Қарағанды футзал мектебінің 30 жастағы түлегі Павел Таку бұған дейін қарағандылық «Тұлпар», «Ақтөбе» және Францияның «Aксес» клубтарында доп тепкен.

28 жастағы тағы бір қарағандылық ойыншы Михаил Першин бұдан бұрын өзінің туған командасы «Тұлпар» мен алматылық «Қайраттың» намысын қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер