ММА

Нурмагомедовтің әкесі реванш қандай жағдайда өтетінін айтты

Нурмагомедовтің әкесі реванш қандай жағдайда өтетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top
Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Конор МакГрегормен реванш қандай жағдай болған кездес өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Менің пікірім: Хабиб өте аз көлемде өтемақы беріп жатыр. Бұған дейін Конорға Хабибтің алатын ақшасынан үш есе көбірек берілді. Ендігі кезек - Хабибте, ол Конордан бес есе көп алуы керек», — дейді Нурмагомедов (үлкені).

Хабибтің әкесінің пікірінше, МакГрегорге Нурамгомедовпен қайта кездесудің қажеті жоқ. «Конор реванш керек десе, ең алдымен Ислам Махачев, Тони Фергюсондармен шығып, өзінің бағын байқап көрсін».

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нурмагомедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер