«Астананың» ҚПЛ аясындағы үш ойынының билеттері сатылымда

«Астананың» ҚПЛ аясындағы үш ойынының билеттері сатылымда
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» ішкі біріншілікте өз алаңында – «Ордабасы» (20.10), «Қайрат» (03.11) және «Ертіс» (11.11) командаларына қарсы өткізетін үш ойыны қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың сайтына сілтеме жасап.

Осы ойындарға билеттер ticketon.kz сайтында онлайн сатылымға шықты.

Ойын билеттерінің құны стадиондағы секторларға байланысты 500 және 1500 теңге аралығында арнайы санаттарға бөлінген.

Онлайн сатылымнан бөлек, матч күні стадион кассаларынан билеттерді сатып алуға болады.

Айта кету керек, 10 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге стадионда арнайы орын бөлінбестен, тегін кіре алады.

Сондай-ақ, зейнеткерлер және оған теңестірілген адамдардың матчқа тегін кіретін мүмкіндігі бар. Ол үшін зейнеткер екендігін дәлелдейтін куәліктерін көрсетіп, ойын күні стадион кассасынан арнайы бөлінген секторға тегін билет алулары қажет.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер