ҚПЛ-дың құны қанша

ҚПЛ-дың құны қанша
news-banner7
mobile-news-top

Неміс порталы Transfermarkt.de әлем бойынша футбол лигасының құнын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Премьер Лигасының құны ағымдағы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 9 млн еуроға қымбаттаған. Жыл басында қазақстандық барлық ойыншылар құны 105,5 млн еуроны құраған болса, қазіргі таңда 114,20 млн еуроға бағаланып отыр.

Ең қымбат трансферлік баға - «Астана» (24,4 млн еуро), «Қайрат» (€17,75 млн) және «Тобол» (€10,6 млн) футбол клубтарында. Сәйкесінше, турнирлік кесте де осы реттен жайғасқан.

Сонымен қатар, Transfermarkt.de біздің футболшыларымыздың орташа жасын есептеп шығарды - 27,6. ҚПЛ-дағы легионер саны - 102.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер