Бокс

Давид Лемье Сауль Альвареспен кездескісі келеді

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы бұрынғы чемпион Давид Лемье келесі жылы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездескісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxingscene.com порталының хабарлауынша, бұл туралы Лемьенің өкілі Камиль Эстефан мәлімдеді. Қыркүйек айында Давид бірінші раундта-ақ Гэри О’Салливанды құлатқан болатын.

«Давидті рингке көбірек шығаруды әдет қылдық, — дейді Эстефан. — Желтоқсанда жекпе-жек өткізуге дайындалудамыз. Саульмен болашақта кездесеміз деп ойлаймыз».

Екі боксшы да Golden Boy Promotions компаниясының қарауында болғандықтан Альварес Лемьемен кездесетіні туралы бұрын да айтылған болатын. Алайда, «Канело» желтоқсанда WBA Regular титулының иегері Рокки Филдингпен жұдырықтасуды жөн көрді.

Қосымша ақпарат: Давид Лемье жалпы есепте 44 жекпе-жек өткізіп, оның тек төртеуінде жеңіліс тапқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер