Андорра құрамасының бапкері: Қазақстан құрамасы бізден әлдеқайда күштірек

Андорра құрамасының бапкері: Қазақстан құрамасы бізден әлдеқайда күштірек
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Андорра құрамасының бапкері Қазақстаннан жеңілу себебін (4:0) түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz

- Қарсыластарымызды жеңісімен құтықтаймыз. Бізде құрам тізімімен аздаған мәселелер болды, алайда, ол бүгінгі өткен ойын нәтижесіне әсер етеді деп ойламаймын. Алғашқы таймда жақсы ойын көрсеттік. Үшінші гол және ойыншымыздың қызыл қағаз алғаннан кейін бәрі түсінікті болды. Қазақстан құрамасы бізден әлдеқайда күштірек.

- Нәтижеге жергілікті климат әсер болды деп айта аласыз ба?

- Иә, климат жағынан өте ауыр болды. Алайда, ойыншылар әр түрлі жағдайға тез бейімделу керек екенін ескерсек, ауа-райы нәтижеге әсер етті деп айта алмаймын.

- Қорғаушыларыңыз агрессивті ойын көрсетті, не үшін?

- Мен олай деп ойламаймын, қатал ойнадық, - тәртіпке сай.

- Қазақстан құрамасы Андоррамен салыстырғанда күшті болуын түсіндіре аласыз ба?

- Қазақстан өз алаңында жақсы ойнай алады және трибунадағы жанкүйерлердің айғайы да көмектесті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер