русский язык
Хоккей

«Барыс» «Ақ Барсқа» есе қайтарды

«Барыс» «Ақ Барсқа» есе қайтарды

Елордалық  «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында қазандық «Ақ Барсты» жеңді.

Татарстан астанасы Қазандағы «Татнефть-Аренада» өрбіген кездесу 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Бірінші болып есепті ашқан да «Барыс». Үшінші минутта Михаил Рахманов қарбалас сәтте дәл соққымен көзге түсіп «Барысты» алға шығарды. Казандықтар тәуір терледі. Араға он минут салып Тим Стэплтон Ари Ахонен қақапасына жауап шайбаны соқты.

Екінші периодтың бел ортасында супержұлдызымыз Николай Антропов «Барысты» қайта алға шығарды. Айдын иелері есепті теңестіруге тырысқанмен дәрменсіз еді.

Селин шәкірттері «Ақ Барстан» өткен жолғы жеңіліс үшін (5:0) есе қайтарды.

85 ұпай жинаған «Барыс» шығыс конференциясында көш бастап жалпы тізімде «Ақ Барстан» бір ұпайға қалып келеді.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;