Бокс

Тағы екі боксымыз жартылай финалда

news-banner7
mobile-news-top

91 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда Айбек чилилік Андрес Сальгадоны жеңді. Біздің спортшының ендігі қарсыласы - пуэрторикалық Элвин Каналес. Бүгін тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты. Ширек финалда Талғат Шәйкеннің (64 келі) косоволық қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартқандықтан жеңіс біздің спортшыға берілді. Талғат ертең марокколықпен кездеседі. Қазақстандық боксшы Жансая Әбдірайымова (48-51 келі) жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында америкалық Дэстини Хивен Гарсияға төрешілер шешімімен 2:3 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер