Рейналдо: Басқа клуб іздеген жоқпын – «Ақтөбеде» бәрі ұнайды

Рейналдо: Басқа клуб іздеген жоқпын – «Ақтөбеде» бәрі ұнайды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақ-қызылдардың» шабуылшысы өзінің басқа клуб іздеп жүргені туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

- Рей, БАҚ-та сенің «Ақтөбеде» өзіңді жайсыз сезініп жүргеніңді, өзіңе басқа клуб іздеу үшін Әзірбайжанға барғаның туралы айтылған еді.

- Чемпионаттың алғашқы айларында клубтың проблемаларынан кез-келген адам өзін жайсыз сезінгені анық еді. Бірақ кейін жағдай дұрысталып, жергілікті чемпионатқа бой үйретіп кеттік.

Әзірбайжанға барған сапарыма келер болсақ, мен ол жаққа басқа клуб іздеп немесе жаңа келісім-шартқа отыруға барған жоқпын. Мен Әзірбайжанда бес жыл ойнадым, көп достарым сонда тұрады. Мен соларға қыдырып бардым. Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты берілген үзіліс тым қысқа, Бразилияға барып келуге уақыт жетпейді, сондықтан өзімнің достарыма барып қайтуды жөн санадым. Маған ешкім Әзірбайжанға қайтып кел демеді, ешкім жаңа келісім-шарт ұсынбады. Сосын, маған Ақтөбе ұнамайды деп айтқан жоқпын. Маған Ақтөбеде бәрі ұнайды. Бұл жерде Әзірбайжандағыдай жанкүйерлер керемет қолдау көрсетеді. Ақтөбенің стадионының атмосферасын нағыз фантастика деуге болады. Ал Әзірбайжанды жақсы көремін, себебі бірнеше жыл ойнадым. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарындағы маған Ақтөбенің ұнамайтындығы, басқа клуб іздеп жүргендігім журналистердің ойдан шығарған нәрселері.

- Саған қазіргі уақытта басқа клубтардан ұсыныс бар ма?

-Жоқ.

- Егер «Ақтөбе» жаңа еңбек шартын ұсынса, сен қол қоюға дайынсың ба?

- Алда әлі төрт ойын бар. Күте тұру керек. Егер жаңа еңбек шарты клубқа ыңғайлы болып, менің көңілімнен шығып жатса мен қуана-қуана қол қоямын. Маған бұл жерде ойнаған ұнайды.

Түпнұсқасы: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер