Бокс

Брук өзінің Головкиннен жеңілуіне қатысты тосын мәлімдеме жасады

Брук өзінің Головкиннен жеңілуіне қатысты тосын мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық Келл Брук кәсіпқой бокстағы жеңілістері жайлы айта келе, ешкім күтпеген мәлімдеме жасады.

Sputnik Қазақстанның мәлімдеуінше, әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин мен Эррол Спенстен жеңілгеніне күмән келтірді. Айтуынша, ол бұл жекпе-жектерді одан әрі жалғастырғысы келген, кездесулерді тоқтатуға сүйектің сынып кетуі себеп болған.

«Ойда жүрген көптеген жекпе-жек бар. Орта салмақта Кит Турман мен Мэнни Пакьяомен жұдырықтассам деймін. Сондай-ақ реванш алғысы келсе, Шон Портермен айқасуға болады», — деп атап өтті Келл.

«Мен тіпті жеңілген емеспін. Жеңілістерім сүйектің сынуымен байланысты, сондықтан іс жүзінде мен бірде-бір рет жеңілген жоқпын. Сол кезде шынымен де жеңілдім бе? Рингте соңына дейін баратынымды бәрі біледі. Мені жеңу үшін шын мәнінде мықты жігіт болу керек», — деп мәлімдеді Брук.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер