русский язык
ММА

Нурмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтуі мүмкін күн белгілі болды

Нурмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтуі мүмкін күн белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

UFC файтері Конор Макгрегордің бапкері Джон Кавана 16 наурызда келесі айқасты өткізу нұсқасын қарастыратынын айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.
«Қарсылас Нурмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз - Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал бұл нақты шешім» — деді Кавана MMAWeekly.com сайтына.

Нурмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік жауынгер тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;