Волейбол

Баскетболдан Ұлттық лиганың жаңа маусымы басталды

Баскетболдан Ұлттық лиганың жаңа маусымы басталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазанның 16-ы мен 17-і күндері «Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасының жаңа маусымы басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алаң иелері «Алматинский Легион» БК өзіңін алғашқы ойындарын турнирге жаңадан келген - «АГУ Барсы Атырауға» қарсы өткізеді. Басталуы 19:30-да (екі күн).

Айта кетер жайт, ел чемпионатының биылғы маусымы қазанның 9-ы күні басталды. «АГУ Барсы Атырау» өзінің екі ойының былтырғы чемпион «Астанамен» өткізіп, екі рет жеңіліс тапты. Алматыдағы ойын алдында олар Щучинскте Ұлттық лиганың тағы бір дебютанты – көкшетаулық «Синегорьемен» кездеседі.

Былтырғы жылы Жоғары лига аясында «Алматинский Легион» мен «АГУ Барсы Атырау» үш рет кездесіп, барлық ойын алматылықтардың пайдасына шешілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер