Бокс

Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады,-деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыстың күндізгі сессиясында +91 келі салмақта Дамир Тойбай самоалық боксшы Вайсилика Тоалуамен жұдырықтасады. Кешкі сессияда 91 келі салмақта Айбек Оралбай мен чилилік Эндрюс Сальгадо арасында кездесу өтеді. Сондай-ақ қыздар арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансая Әбдірайымова америкалық Дестини Хиавенмен жолығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер