Велоспорт

Алексей Луценко биылғы маусымды сәтті аяқтады

Алексей Луценко биылғы маусымды сәтті аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Алексей Луценко маусымды жеңіспен аяқтады. Ол «Түркия турында» жалпы есепте екінші орын иеленді деп жазады Olympic.kz.

Жарыстың соңғы кезеңінде ирландиялық Сэм Беннетт жеңімпаз атанды.

Осылайша, Алексей Луценко «Түркия турын» екінші орынмен аяқтады. Үздік үштікті Нейтан Хаас тұйықтап тұр.

«Бұл дода оңай болған жоқ. Әсіресе, соңғы екі кезең жүйкеге көп салмақ түсірді. Көш басындағы спортшылардың уақыт айырмашылығы алшақ емес, сондықтан, шабуыл үдей түсті. Жеңіске әркімнің де таласы бар еді. Бұл менің осы маусымдағы соңғы жарысым. Сол себепті, маусымды жақсы нотамен аяқтағаныма қуаныштымын», - деді Луценко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер