русский язык
Футзал

«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының иегері

«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының иегері
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде сынға түскен «Қайрат» пен «Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогы үшін матч өткізіп, жаңа маусымды ашты.

«Қайрат» футзалшылары өткен маусымда ел чемпионаты мен Кубогын иеленген болатын. Ал «Ақтөбе» вице-чемпион атанған-ды.

Алматылық клуб матчты сенімді бастап, 4-ші минутта Тұрсағұловтың пасынан кейін Дәурен Нұрғожин баспен гол соқты. «Ақтөбе» футзалшылары ойынды теңестіруге тырысқанымен, Игита қақпасынан саңлау таба алмады.

Екінші таймда Тұрсағұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Кейін ақтөбелік Көлбаев допты өз қақпасына салып алды. Ал матч нүктесін 37-минутта Серік Жаманқұлов қойды. Қорытынды есеп – 4:0.

Осылайша, «Қайраттың» сенімді жеңісінен соң Пауло Рикардо Кака Қазақстандағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Қазақстан Суперкубогы – 2018

«Қайрат» 4:0 «Ақтөбе»

Голдар: Нұрғожин 4, Тұрсағұлов 24, Көлбаев 27 (автогол), Жаманқұлов 37

14 қазан, Щучинск, «Жақсы» СК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;